Шерзат ісі бойынша куәгерлердің әрекеті тексеріледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот прокурордың атына жекеше қаулы шығарды.
"Куәлар Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов, Ю.Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкін екеніне назар аударылды", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін, 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды.
Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.
Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!