«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері — Әдия Сарқытпай. Ол №207 мектеп-лицей 6-сынып оқушысы. Білім алып, оқу оқып, бір кірпіш болып қалану – әр баланың арманы, алға қойған мақсаты емес пе? Әдияның арманы балаға үйретуден жалықпайтын білікті маман болу. Атап айтсақ ең көне мамандықтардың бірі – ұстаз болу. Ол қай уақытта да сұранысқа ие болған және бола бермек. Өйткені білім адамзатты әрқашан алға жетелейді.