Қытайдың Хунань провинциясында да екі тәулік қатарынан тоқтамастан нөсер жауын жауды. Көшелерді су басып, жолды шайып кетті. Суйнин округінде лай көшкіні болды. Егіске зақым келген. Табиғи апат мыңдаған адамның өмірін қиындатты. Жергілікті көлік департаменті жаңбырдың салдарымен күреске құтқару топтарын, жолдарды тазартуға арнайы техника жіберген.
Арай Төлегенқызы