Current Date: 09-06-2025

К.Алькарас – «Үлкен дулығаның» 5 дүркін чемпионы

Теннистен Парижде өткен «Үлкен дулыға» турнирі мәресіне жетті. Биылғы Ролан Гарростың финалы тартысқа толы болды. Тіпті ерлер арасындағы жекелей сынның шешуші ойыны – Франция ашық чемпионатындағы ең ұзақ матч ретінде тіркелді. Испаниялық Карлос Алькарас пен италиялық Янник Синнер арасындағы кездесу 5 жарым сағатқа созылды. Алғашқы екі сетте басым болған Синнер чемпиондыққа бір табан жақын қалғанда, Алькарас қайсарлық танытып, үшінші сетті өз пайдасына жазды. Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы арасындағы шайқас мұнымен бітпеді. Төртінші сет тай-брейкке дейін жалғасты. 7:6 есебімен испаниялық теннисші есепті теңестірді. Шешуші сында Алькарас камбэк жасап, жеңіске жетті. Осылайша спорттық мансабында бесінші мәрте «Үлкен Дулыға» турнирінің чемпионы атанды.

Ал әйелдер арасында әлемнің 2-ші ракеткасы, америкалық Кори Гауфф үздік шықты. Ол финалда дүниежүзілік рейтингте бірінші тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенкодан мықты екенін дәлелдеді. Чемпиондық атақ сарапқа салынған, бұл ойын да камбекпен аяқталды. АҚШ спортшысы Корри бірінші сетте жеңілгенімен, қалған екі сетте жеңісті оңай жұлып әкетті.

Асылбек Данияр