Current Date: 09-06-2025

"QazaqGaz Aimaq" компаниясына айыппұл салынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының Маңғыстау өндірістік филиалына қатысты тергеп тексеру амалдарын жүргізді.

Нәтижесінде экономикалық қызметті үйлестіру бөлігінде заң бұзушылықтар анықталған. Нақтырақ айтсақ, филиал дәнекерлеу-монтаждау жұмыстарының көлемін бөлу кезінде жекелеген ұйымдарға артықшылық беріп, техникалық шарттарды алуға келгенде бәсекелестер үшін қолдан кедергі жасаған. Тиісінше Мұнайлы аудандық сотының және апелляциялық сатының шешімімен компания филиалына 3 миллион 600 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілді.