Current Date: 13-06-2025

Қарағанды облысында жазғы демалыспен 180 мың бала қамтылады

Балалар қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде демалады.

Одан бөлек, лингвистикалық және шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Аудандарда да жазғы демалыс орындары бар. Мысалы, Ақтоғай ауданында «Жас турист» киіз үй лагері жақында жұмысын бастайды.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Биыл Қарағанды облысында қала сыртындағы лагерьлерде 11 мың бала демалады. Ақтоғай ауданындағы «Жас турист» демалыс орны табиғат аясында, экологиялық таза аймақта орналасқан. Мұнда апта сайын 30 бала демалады.

Медет Омарбеков, аудандық қосымша білім беру орталығының директоры:

- Бұл «Жас турист» жазғы киіз үй лагері осы ауданымыздың барлық мектептерінің 7-10 сыныптар арасындағы оқушыларға арналған. Бұл-туристік-эстетикалық бағыттағы лагерь болып саналады. Түпкі мақсаты енді киіз үй деген біздің қазақылығымыз ғой. Балалр енді 9 ай сабақтан кейін осындай табиғаттың аясында, киіз үйде тұрып, бір-бірімен аралассын деген ой болды.

Этноауылға келген жас туристер арнайы автобуспен тарихи-мәдени орындарды аралайды. Мысалы қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Беғазы қорымына, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан дүниеге келген Желтау қыстағына, өзге де тарихи жерлерге барады. Қазір осы этнолагерь оналасқан Ақжарық елдімекені мен аудан орталығы Ақтоғайдың арасындағы жолға асфальт төселіп жатыр.

Абылай Аманжолов, аудан әкімі:

- Ақтоғай Ақжарық бағытындағы жолдың 20 км асфальттанып бітті. Биыл обылстық бюджеттен қосымша қаражат қарастырылған. 15 шақырым Ақтоғайға дейінгі жұмысты жалғастыратын боламыз.

Жалпы Қарағанды облысы бойынша биыл жазғы демалыс маусымында қала сыртындағы легерьлерде 150 мың бала қамтылады. Тағы 30 мың бала мектеп жанындағы лагерьге барады. Өңірдегі 4 колледжде лингвистикалық және шығармашылық үйірме жұмыс істейді. «Ал аула клубтарында жаз бойы түрлі спорттық жарыс ұйымдастырылады», - дейді жауаптылар.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит