Current Date: 12-06-2025

«Әдейі сатып алдық»: Фариза Төреәлі не себепті қайын атасына арзан көлік алғанын айтты

Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына не себепті арзан көлік алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы қайын атасына нарықтағы бағасы 8-9 миллион теңге тұратын көлік сыйлаған. Желі қолданушылары блогердің іс-әрекетін қатаң сынады.

“Осы уақытқа дейін өздері бренд киіп шалқып жүр. Бірақ әкелеріне көлік сыйламаған ба?", "Дүниеге тоймайды екен, қашан қарасаң да, көлік сыйлап жатады", "Қарапайым көлік сыйласа да шын жүректен қуанып жатыр, не деген қарапайым жан", "Қымбат көлік болмаса да осы уақытқа дейін әйелін жарқырата беріп, әкесіне көлік мінгізбеген бе?”, “Өздері 10 миллион теңге тұратын бренд алады, әкесіне 8-9 миллионның затын сыйлайды", – деп жазды олар.

Фариза Төреәлі не себепті қымбат маркалы көлік сыйламағанын түсіндірді.

"Біз әдейі осы көлікті сатып алдық. Бұл – ол кісінің алғашқы көлігі. Әзірге үйреніп жүр. Ең бастысы, әкеміз риза. Қалғаны өз уақытында бола жатар", – дейді ол.