Current Date: 12-06-2025

"Жүйелі түрде жәбірлеп, жұмыс істеткен": Жамбыл облысында мектеп оқушысы буллингке ұшыраған

сыныпЖамбыл облысы Меркі аудандық сотында өзінен кіші оқушыға зәбір көрсетіп, оны жұмыс істеуге мәжбүрлеген 9 сынып оқушысына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Меркі аудандық соты кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг) фактісі бойынша азаматша К.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 127-2-бабының 3-бөлігі).

2025 жылдың сәуірінде орта мектептің 9 сынып оқушысы – 15 жасар кәмелетке толмаған О. өзінен төмен сыныпта оқитын Н.-ды әр түрлі жұмыс түрлеріне мәжбүрлеп, жүйелі түрде оны жәбірлеген (буллинг)", — делінген хабарламада.

Осылайша сот қаулысымен заңды өкіл К. ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.️ Сот актісі заңды күшіне енді.