Current Date: 14-03-2025

Шымкенттен Мюнхенге әуе рейсі ашылады

Биылғы 27 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.

Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек, — делінген мәліметте.