Current Date: 13-06-2025

Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді», делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.