Биыл бес айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6% өскен. Мұндай нәтижеге бірқатар саладағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал еткен. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, өнеркәсіп өндірісі 6,4% артқан. Елдің 17 өңірінде жоғары көрсеткіш байқалды. Ауыл шаруашылығында да оң динамика бар. Өсім 4% құрады. Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, 15,4% көтерілді. Соның ішінде тұрғын үй құрылысы да бар. Мамыр айына дейін 6 миллион шаршы метрден астам үй пайдалануға берілді, бұл былтырмен салыстырғанда 5,7% көп. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,2% артты. Мұндай тәуір нәтиже сауда айналымы, байланыс және телекоммуникация мен көлік саласында да байқалады. Үкімет елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды жалғастырып келеді.
Асылбек Данияр