Биыл қазақтың қайсар қызы, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл! Осыған орай Ақтөбе облысында ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Өнер фестиваліне Ресей,Өзбекстан, Армения елдерінен өнер ұжымдары арнайы келді. Ал, «Ғасырларға жалғасқан ерлік» форумына ғалымдар мен батырдың туыстары және елге белгілі қоғам қайраткерлері жиналды.
Бұл Әлия Молдағұлованың туғанына 80 жыл толғанда, осыдан жиырма жыл бұрын бой көтерген ескерткіш. Батырдың 100 жылдық мерейтойы да дәл осы жерден бастау алды. Шет елдерден жән еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар қайсар қыздың рухына тағзым етті. Ғалымдар мен зерттеушілердің айтынша, жұртшылық Әлия мен Мәншүктің ерлігін дәріптеу арқылы өзге де батырларымыз туралы білуі тиіс. Өйткені, екінші дүниежүзлік соғысқа Қазақ жерінен аттанған жауынгерлердің, оның ішінде қыздардың саны әлі күнге дейін белгісіз.
Бүркітбай Аяған, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Біразы Орынбордан кеткен, Саратовтан, Омбыдан кеткен әскер бар. Мына Шыршықтан, Ташкенттен кеткен әскер бар. Осы соғысқа қатысқан ұлдарымыз бен қыздарымыздың санын әлі де болса нақтылауымыз керек. Әлия, Мәншүк, Хиуаз, Алтыншаш деген қыз бала болған. Яғни әлі де болса тарихшылар алдында көптеген міндеттер тұр деп ойлаймын.
Батырдың мерейтойына орай өнер ұжымдары арасында түрлі байқаулар өтіп жатыр. Мәселен, суретшілер мен мүсіншілер қиялдарына ерік беріп, Әлияны әр қырынан бейнелеуге тырысқан. Мерейтой барысында батырдың туыстары жұрт біле бермейтін деректеді айтып берді.
Тәжен Нұрмағамбетқызы, Әлияның сіңілі:
Менің әкеме өте қиын болды ғой, балаларды тастап көршіге, жұмысқа кетеді. Өте қатты қиыншылық көрген.Оны көршілер айтады, қатты қиналды, әйелі қайтқаннан кейін деп. Содан кейін өзі айтқан, мені нағашыма тапсыр, сізге қиын деп. Ана баласы қайтқан, содан кейін қорыққан, енді мына қызымнан да айрылып қалармын деп.
Бүгінде Әлия есімін көрші елдердің халқы да ерекше қадір тұтады. Ресейде батыр атында мектеп пен ескерткіштері бар.
Кеңес Жүсіпов, зерттеуші:
Екі қалада да болдық, Новосокольники, Невель, екеуінде де Әлия мен Мәншүкті жақсы біледі.Әлия жатқан жерде Төлеуғали Әбдібеков деген ағамыз, Мәншүк жатқан жерде Сүлейменов деген ағамыз жатыр. Екеуіне де осыдан үш жыл бұрын Президентіміз батыр атағын берген, Халық қаһарманын.
Мерейтойға жиналған қонақтар мемориалдық мемориалдық музейді аралап, «Әлия» мюзиклін тамашалайды. Мерекеліс іс-шаралар батырдың туған жері Қобда ауданында жалғасады.
Жақсыбек Кемал