Current Date: 14-06-2025

Екі аяғынан айырылған Алуа оңалту орталығында емделеді

Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айырылған Алуа оңалту орталығында емделеді. Қыз баланың анасымен кездескен экс-министр, қазір балаларды оңалтудың Ұлттық орталығын басқарып отырған Ажар Ғиният осылай деді. Айтуынша, Алуаға протез салынған соң ғана оңалту орталығына жатып , кешенді курстан өтеді.

Естеріңізге салайық, Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылып, 15 адам ауруханаға түскен еді. Ауыр жарақат алған Алуа екі бірдей аяғынан айырылды.

Армангүл Тоқтамұрат