0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Еуропалық Одақ пен Қазақстан энергетика, көлік, экология саласында ынтымақты одан әрі күшейтпек. Брюссельде қос тараптың кіші комитетінің 8-отырысы өтті. ЕуроОдақ тоқты үнемдеу, энерготиімділікті арттыру, климаттың өзгеруімен күресте Қазақстанмен байланысты бекемдеуге бейім және энергияның баламалы көздерін дамытуда тәжірибесі мен технологиясын бөлісуге дайын. Басқосуда тараптар көлік инфрақұрылымын, көлік дәліздерін дамыту, логистикаға сандық технология енгізу мәселелерін де талқылады.
Ерлан Ақкенженов, Энергетика вице-министрі:
Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбырына мұнайымызды тасымалдап, өткен жылда 1,1 млн тонна тасымалдау қамтамасыз еттік. Енді 2025-жылға біздің жоспарымыз 1,1 млн тонна, әрі қарай 2.2 млнға ұлғайту деген жоспарымыз бар.
Сирил Луазель, Еурокомиссияның халықаралық энергетикалық байланыстар жөніндегі маманы:
Қазақстан Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздік және жасыл энергияға өту бойынша маңызды сенімді серіктесі. Басқосуда сутек, көміртекті азайту, уран өнімдері, мұнай жобаларын талқыладық. Қазақстанның атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізгенін білеміз. Оның қауіпсіздігі тұрғысынан біз байланысты арттыра аламыз.
Нұрсұлу Қасым