Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейстері Түрікменстанда қалып қойды, деп хабарлайды 24kz.
Иран-Израиль қақтығысы салдарынан әуе кеңістігі жабылып, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды. Жолаушылар ұзақ уақыт ас-ауқатсыз отырмыз деп шағымын жеткізді. Ұшу уақыты әлі де белгісіз. Бұл туралы еліміздің Көлік министрлігі хабарлады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінен және оған жақын жердегі ұшуларға тыйым салды. Бұны соғыс қимылдарының басталуына және азаматтық авиацияға төнген қауіптің жоғары деңгейімен байланыстырып отыр. Бұл барлық тұрақты және тұрақты емес жолаушылар, жүк және техникалық рейстеріне қолданылады.