Current Date: 14-06-2025

Жібек Құлымбетова АҚШ-қа кететін болды

Джиу-джитсудан әлемнің 8 дүркін чемпионы Жібек Құлымбетова АҚШ-қа виза алды. Бұл туралы спортшы қыздың өзі әлеуметтік желіде бөлісті. Виза он жылға берілген, деп хабарлайды 1bol.kz.

"Достар, Америка Құрама Штаттарына 10 жылға виза алдым. Қатты қуанып тұрмын. Себебі бұған дейін тапсырғанда, маған бермей қойған. Америка, күт мені", — деді Жібек.

Жібек Құлымбетова былтыр қараша айында Грекияда өткен жастар арасындағы (U21) джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, джиу-джитсудан сегіз мәрте әлем чемпионы атанды. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Айта кетерлігі, Жібек — Алматы облысына қарасты Іле ауданының тумасы. 9 жастан бері спортпен кәсіби түрде айналысады. Бүгінде Қазақстан спорт шебері, Б.Момышұлы атындағы "Намыс" төсбелгісі мен "Дара бала" медалінің иегері. Талай халықаралық додалардың жеңімпазы.