Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!