Current Date: 16-06-2025

Иран Израильді әлі атқылап жатыр

Иран Израиль астанасы Тель-Авив, Хайфа және Вифлеем қалаларын тағы да зымыранмен атқылады. Әуе соққыларына қарсы қорғаныс жүйесі мүлт кетіп жатыр.

Израиль билігі шабуылдар салдарынан екі кісі жараланды деп хабарлады. Бұл елде Иранның зымыран және дрон атқылауынан қаза тапқандар саны 14 адамға жеткен. Арасында балалар бар. Иран билігі "Израиль тұрғындарының өмірін тозаққа айналдырамыз" деп жар салды.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Біздің керемет ұшқыштарымыз Тегеранның үстінде ұшып жүр. Тегеран өртеніп жатыр. Бірақ біздің көздегеніміз бейбіт тұрғындар емес. Біз оларға тез арада қауіпсіз жаққа көшіп кетіңдер деп ескерттік. Иран Тель-Авив, Тамра, Ришон-ле-Цион, Реховот қалаларындағы бейбіт тұрғындарды бомбалады. Біз президент Трамппен күнде сөйлесіп отырмыз.