Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қатысты жалған мәліметтерді тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram арналарда "бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды" деген ақпарат тараған болатын. Алайда ІІМ баспасөз қызметі бұл мәліметтерді жоққа шығарып, тергеу басталғанын хабарлады.
"Көрінек жалған ақпарат тарату дерегі бойынша Астана Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі (масс-медианы, телекоммуникация желілерін және онлайн платформаларды пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", – деді ІІМ баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, 8 маусымда Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!