Қызылордадағы ықшамаудандарда қоқыс тазалау, гүл егу, әктеу және сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Коммуналдық қызметтер мен еріктілер бұл іске белсене жұмылып жатыр. Тұрғындар саябақтардың қураған шөбін жинап, жаяу жүргінші жолын сыпырып шықты. Сонымен қатар ақпараттық түсіндірме жұмыстары да қолға алынған.
Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс аумағында биыл 25 мыңға жуық адам қатысты.
Ғалымжан Далабаев, коммуналдық мекеменің бөлім басшысы:
- «Таза Қазақстан» экоакциясының аясында мынау қаламыздағы Ақмешіт мөлтек ауданының тұрғындары өздерінің де үлестерін қосып, жалпылай ауланың тазалығы, шөп шабу жұмыстарына да бірге атсалысып жатыр.