Үстіміздегі жылдың 10 маусымында Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті.
8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.
Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен. Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.