Танымал әнші Тоқтар Серіковтың ұлы Беколжас мектепті үздік тәмамдап, алтын белгі иегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ұлына алтын белгі табысталып жатқан сәтінен видео жариялады.
"Аллаға шүкір! Тұңғышымыз “Алтын белгі” атанды!", — деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесінің сүйінші жаңалығына қуанып, ақ тілектерін жаудырды.
"Керемет, құтты болсын", "Өз балам алғандай қуанып отырмын, алар асулары көп болсын", "Әкесі қандай керемет адам, әкесінің тәрбиесі ғой", "Жақсы әкенің сөзі балаға 40 жыл азық", — деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Тоқтар Серіков & Бейбіт Сейдуалиева (@toktar_beibit)