Current Date: 30-06-2025

"Тбилисиге басқа адаммен кетті": Алагөзовтің бұрынғы әйелі Тұрсынның қиянаты туралы айтты

Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің экс жары Ляйсира Марат мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Меценат блогер Айсәуле Бақытбекке сұхбат беріп, өткен өмірінен сыр шерткен еді.

“2015 жылы үйленгеніміздің 25 жылдығын атап өттік. Сол кеште сен махаббат пен адалдыққа ант бергенсің. Бірақ тура бір жылдан кейін Тбилисиге басқа адаммен кеттің. Бұл бәріміз үшін шок жаңалық еді. Әсіресе балалар қатты қиналды. Енді сені балалармен ештеңе байланыстырмайды. Айтқан сөздерің үшін менің балаларым мен отбасым алдында кешірім сұрауыңды талап етемін”, – деді Ляйсира.

Одан кейін кәсіпкер әйел не себепті балалары тегінен бас тартқанын түсіндірді.

“Мен махаббат пен шындықты қолдаймын. Амина мен Арсен – ересек адамдар. Олар өздері шешім қабылдай алады. Тегінен бас тартып жүрген – өздері. Алагөзовтің тегіне қатысты реніші – орынсыз. Балалардың еркін таңдауын жоққа шығарып отыр. Шындыққа жанаспайды. Амина менімен ақылдаспай, үш айдан кейін тегін ауыстырды. Арсен ұзақ ойланды. Бір жарым жылдан кейін өзгертті. Мен ол кісі үйден шығып кеткенде-ақ Марат тегіне өттім. Балалар тегінен бас тартқанын саналы шешім деп есептейді”, – деді кәсіпкердің экс-жұбайы.