Иранның Израильге әуе шабуылынан 31 мың ғимарат қирады.
Сондай-ақ 4 мың көлік бүлінді. Бұл Дефа Пресс ((Defa Press)) басылымының дерегі. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, еврей билігіне келтірілген шығын орасан зор. Тель-Авив әскери операцияға күніне 725 млн доллар жұмсаған. Ал 12 күндік қарулы қақтығыстан кейін Израильде 4 мың адам үкіметтен өтемақы сұраған. 18 мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Базан мұнай өңдеу зауыты мен Вейцман ғылыми-зерттеу институты секілді маңызды нысандар талқандалды. Иран Израиль аумағына 550-дей зымыран жіберген. Еврей армиясының әуе шабуылына қорғаныс жүйесі оның 80-90 пайызын дарытпай, қағып түсірген.