Current Date: 30-06-2025

Пәкістанда су тасқынынан 45 адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батысында тасқыннан 45 адам ажал құшты.

Құрбандар арасында 10 бала бар. Оларға үйлердің қабырғасы мен шатыры құлап кеткен. Аймақта жүздеген ғимарат су астында қалған, көпірлер мен жолдар қирады. Тұрғындар қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Пәкістанда өткен аптада жауын-шашын маусымы басталды. Жыл сайын 240 миллион тұрғын қолайсыз күн райының зардабын тартады.