Current Date: 30-06-2025

Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі талқыланды

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қорғала бермейді. Қоғамда оларға түрлі кедергілер мен шектеулер көп. Осы мәселені ескерген Түркістан облысының прокуратура қызметкерлері «Самғау» оңалту орталығында арнайы кездесу өткізіп, олардың мәселелерін тыңдады. Жарымжан жандар прокурорға ауылдық жерде маман тапшылығы мен оларға барынша қолайлы жағдай жасау жайын жеткізді. Бүгінде облыс аумағында 101 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Ағымдағы жылы өңірде жүргізілген қадағалау жұмыстарының нәтижесінде 15 434 мүгедек жанның құқығы қорғалды. Жетісай, Мақтаарал аудандары мен Кентау қаласында жүргізілген тексеріс нәтижесінде 320-дай мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Зауырбек Серікболсын, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі:

Кездесудің мақсаты – құқықтық көмек көрсету және де олардың уәждерін тыңдау. Аталған іс-шара прокуратура органдарымен арық қарай өз жалғасын табады.

Айнұр Әбілқасымқызы