Current Date: 02-07-2025

Кофе жасартады

Кофе тек сергектік сыйлап қана қоймай, жасушаны да жасарта­ды. Лондон университетінің зерт­теушілері кофеин қартаюды баяулатып, ДНҚ-ны қалпына кел­тіруге көмектесетінін анық­тады.

Кофеин АМФК деп аталатын ежелгі жүйені іске қосады екен. Бұл жүйе жасушада энергия жетіспегенде жұмысқа кірісіп, ДНҚ-ны қалпына келтіреді, күй­зелістен қорғайды әрі жасушаның өмі­рін ұзартады. Кофеиннің әсері метформин сияқты диабетке қарсы дәрілерге ұқсас. Ашытқыда жүргізілген тәжірибе кофеиннің қартаюмен байланысты үде­рістерді бәсеңдететінін көрсетті.