Artjaq және Yeski Taspa шығармашылық топтары бірлесе, 8 наурызға арналған ерекше музыкалық шығарылым әзірледі, деп хабарлайды 24kz.
Мерекелік туындыға Sadraddin, Ренат Гайсин және «Gaissin Orchestra» қатысты. Талантты әртістер Марат Омаров пен Қайрат Жұмағалиевтың «Анашым» атты аңызға айналған әнін орындады. Коллаборация арқылы танымал әуенге жаңа реңк беріп, әр нәзікжанға деген шексіз ризашылықтың, сүйіспеншілік және құрметтің көрінісін байқатты.