Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Актуалды

Алматы облысында жол апатына түскен шенеуніктің жағдайы белгілі болды

Алматы облысында жол апатына түскен шенеуніктің жағдайы белгілі болды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жол апатынан кейінгі науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланады.

“Ол есін біледі. Белгіленген хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, — деп жазылған хабарламада.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты Алматы маңында болған.

“Төңкеріс-Байсерке тасжолындағы жол апаты бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр”, — деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түскені хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget