Current Date: 14-03-2025

АҚШ-тағы сот Қытайға коронавирус туралы ақпаратты жасырғаны үшін айыппұл салды

АҚШ-тағы Миссури штатының соты Қытайға коронавирустың шығу тегі және таралуы туралы ақпаратты жасырғаны үшін 24 млрд доллар айыппұл салды.

Қаулыда «Азия елі індеттің ауқымына қатысты адамзатты адастырды және жеке қорғану құралдарын өндіру және экспорттау бойынша монополия жасағысы келді» деген айып тағылған. Осының кесірінен АҚШ ауруға қарсы дер кезінде әрекет жасап, қажетті құрал-жабдықты ала алмай қалған. Бірақ Қытай билігі бұл айыптауларды негізсіз деп жоққа шығарды.