АҚШ Бразилиядан жеткізілетін кей тауарларға баж салығын 10-нан 50%-ға дейін көтереді. Тиісті жарлыққа президент Дональд Трамп қол қойды.
Жаңа тарифтер тамыз айынан бастап күшіне енеді. Құжатта шешім Бразилиядағы саяси жағдаймен байланысты екені жазылған. Вашингтон билігі адам құқықтарының бұзылуы мен экс-президент Жаир Болсонаруға қысым көрсетілгенін мәлімдеді.