Әлемдік нарықта алтынға сұраныс артты. Биыл екінші тоқсанда ол 3%-ке ұлғайып, 1249 тоннаға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Дүниежүзілік алтын кеңесі осындай мәлімет келтіріп отыр. Жыл басынан бері бағалы металдың бағасы 26%-ке өскен. Алтын құнына АҚШ-тың қаржы саясаты, сондай-ақ жаһандағы геосаяси ахуал әсер етіп отыр. Президент Трамптың импорттық тауарларға жаңа тарифтер енгізуі инвесторлардың долларға деген сеніміне селкеу түсірген. Сондықтан олар алтын ең тиімді инвестициялық құрал болып қала беретінін айтады.