Current Date: 11-09-2025

АҚШ-та химиялық зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы кокс шығаратын зауытта жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды 24kz.

Бір адам опат болып, тағы 10-ы жараланды. Бір жұмысшы ізім-қайым жоқ. Жарылыстан 2 кокс батареясы бүлінді. Клертон қаласында орналасқан кәсіпорын Америкадағы кокс өндіретін ең ірі зауыт саналады.

«Жарылыстың кесірінен шаһардағы ауа сапасы нашарлаған жоқ», — дейді мамандар. Десе де, жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді.