Current Date: 11-09-2025

Тоқаев: Анкоридждегі кездесу - Украина бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздердің бастамасы

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды", — делінген хабарламада.

Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget