Көмір өнеркәсібінің ардагерлері ардақталып, мамандары марапатталған күн.
Президенттің атынан Шахтер күні қарсаңында оларға мемлекеттік наградалар табысталды. Премьер-министр «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кеншілер еңбегіне ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Қазір шахталар өндірістік қауіп-қатерлерге қарсы цифрлық жүйемен жарақтандырылып жатыр. Пилотсыз техника, қашықтан басқару және жерасты радиобайланысын енгізу де негізгі талап. Қазақстан минералдық ресурстардың ең ірі қоры бар 10 елдің сапында. Көмір қоры 34 млрд тонна. Биыл жеті айда ел экономикасы 6,3%-ға өсті. Тау-кен өнеркәсібінің қарқыны 8,5 пайызға артса, қатты отын игеру 11 пайызға жуықтады. Салада 145 мыңнан аса адам еңбек етеді. Соның 32 мыңы көмір өнеркәсібінде.