Current Date: 14-03-2025

Ақтауда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындарды өздері өшірді

Өртті тұрғындар құтқарушылар келгенше өздері сөндіріп үлгерген.

Ақтауда тұрғын үйде шыққан өртті тұрғындар құтқарушылар келгенше сөндіріп үлгерген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 10 наурызда сағат 16:33-те өрт сөндіру бөліміне 32А ықшам ауданындағы №19 ғимараттағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Келген бойда үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконында тұрмыстық заттар өртенгені анықталды. 1 шаршы метр аумақта өрт бөлімше жеткенше сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады департамент өкілдері.