Current Date: 11-09-2025

«Реал Мадрид» командасының Алматыға қашан келетіні белгілі болды

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі күнтізбесі белгілі болды.

«Реал Мадрид», «Арсенал» мен «Интерге» қарсы матчтар қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» жалпы кезеңді қонақта «Спортингке» қарсы ойынмен бастайды. Бұл ойын 18 қыркүйекте өтеді. Кейін 30 қыркүйекте Алматыға 2-тур аясында «Реал Мадрид» келеді.

«Интерге» қарсы ойын 5 қарашаға, «Арсеналмен» кездесу 28 қаңтарға жоспарланған.

Жалпы кесте мынадай:

1-тур. 18.09.2025

«Спортинг» - «Қайрат»

2-тур. 30.09.2025

«Қайрат» - «Реал Мадрид»

3-тур. 21.10.2025

«Қайрат» — «Пафос»

4-тур. 05.11.2025

«Интер Милан» - «Қайрат»

5-тур. 26.11.2025

«Копенгаген» — «Қайрат»

6-тур 09.12.2025

«Қайрат» — «Олимпиакос»

7-тур. 20.01.2026

«Қайрат» — «Брюгге»

8-тур. 28.01.2026

«Арсенал» — «Қайрат».