Қайраттың Чемпиондар лигасы аясында Алматыда өтетін матчтарына 4 мыңға жуық турист келеді деп жоспарланып отыр.
Бұдан ел экономикасына шамамен 4 млрд теңге пайда түседі. Бұл туралы еліміздің спорт және туризм министрлігі хабарлады. УЕФА ережесіне сәйкес бізге келетін командалардың жанкүйерлеріне стадионнан арнайы орындар қарастырылып, 5 пайыз көлемінде квота бөлінеді. Яғни 4 клубтың әрқайсына мың орыннан дайындалады. Сәйкесінше әр турист орта есеппен 1 мың 400 доллар жұмсайды.
Нұртас Кәріпбаев ҚР Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
- Елімізде спорттық туризм белсенді дамып жатыр. Соның көрсеткіші осы Қайратты Чемпиондар лигасында ойнауы үлкен жетістік болып табылады. Бұл тек қана спорттық жетістік емес. Бұл тек спорттық жетістік емес елімізге туристік ағынның көбеюіне серпін береді. Алматы қаласында әртүрлі дәмханалар, халықаралық деңгейде салынған қонақ үйлер бар. Олардың барлығы туристерді толықтай қабылдауға дайын екенін айта аламыз.