Current Date: 14-03-2025

Австралияда су қайта тасуы мүмкін

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Бірнеше күн бойы алапат тасқыннан зардап шеккен Австралияда қауіп әлі сейілмей отыр. Өңірге Альфред атты дүлей дауыл соққы берді. 230 мыңнан астам нысан электр жарығынсыз қалған. Соңғы 24 сағатта мұнда 433 милиметр жауын жауған. Салдарынан мыңдаған ғимаратқа су астында қалу қаупі төніп тұр. Үкімет табиғи апат кезінде табыссыз қалған тұрғындарға шығын көлемін өтеуге уәде берді.

Дес Макленнан, жергілікті тұрғын:

Мен және көршілерім су тасқынынан үрейленіп қалдық. Өмір бойы осы жерде тұрып жатырмыз. Су деңгейі осыншама көтерілгенін көру қорқынышты екен.

Арай Төлегенқызы