Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Актуалды

“Адам өміріне қауіп“. Депутат Қазақстанда ескі ұшақтар әлі қолданыста екенін сынады

“Адам өміріне қауіп“. Депутат Қазақстанда ескі ұшақтар әлі қолданыста екенін сынады

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев науқастарды тасымалдайтын әуе кемелері қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа сауал жолдады.

“Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 1981 жылы сериялық өндірісі тоқтатылған кеңестік Як-40 жолаушылар ұшағы пайдаланылып келеді. Қазір бұл әуе кемелерінің жасы 44-тен 55 жасқа дейін жетіп отыр, яғни аймақтық авиацияның әлемдік паркінің орташа шекті жасынан екі есе ескі (15-20 жылдан аспауы керек). Як-40 ұшақтарының ресурсы таусылған, олар өткен ғасырдың 60-жылдары жасалған АИ-25 қозғалтқыштарымен жабдықталған, ал 1980 жылдардың соңында бұл қозғалтқыштардың өндірісі тоқтатылған”, — деді ол.

Депутаттың сөзінше, Як-40 ұшақтары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді.

“Мұндай ұшақтарды пайдалануға Еуропалық Одақ аумағында 2002 жылғы 1 сәуірден бастап тыйым салынған. Алайда елімізде қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін Як-40 әуе кемелері санитарлық авиацияда қолданылып, яғни науқастарды тасымалдап жүр. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді емес пе?!” — деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget