Бүгін, 12 наурызда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар саяси диалог пен экономикалық байланысты нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасқан.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.