Күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған жасанды интеллект сүт өндірісінде кеңінен пайдаланыла бастады. Ақмоладағы зауытта Ақылды машиналар сиырлардың жай-күйін бақылайды. Ал роботтар сауыншы рөлінде. Озық технологияның зауытты тиімді басқаруға қатысты ақыл айта бастағаны рас па? Ендеше Орталық Азиядағы бірегей зауыттың жұмысымен Made in KZ бағдарламасында танысыңыздар.