Current Date: 14-03-2025

Алматылық құтқарушылар алдағы үш күнде тауда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі ықтимал. Қалалық ТЖД өкілдері тауға баруды жоспарлаған туристер мен қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12-14 наурыз аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен қардың қалыңдығына байланысты тауда қар көшкіні қаупі бар.

"Қар көшкіні қаупі бар. Қарлы тік жартастарға шықпауды сұраймыз! Таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеміз", — дейді департамент өкілдері.

Еске сала кетейік, 10 наурызда Шымбұлақта қар көшкіні жүрді. "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының әкімшілігі қар көшкініне үш шаңғышының әрекеті себеп болғанын айтты.