Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Актуалды

Жаңа жылдық отырыс: министрлік кеңес берді

Жаңа жылдық отырыс: министрлік кеңес берді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қазақстандықтарға жаңа жылдық отырыстан кейін ауырмаудың жолдарын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Брифифнгте одан журналистер “Жаңа жылдық отырыстан кейін ауырмау үшін не істеу керек?” деген сұрақ қойды.

“Ең әуелі, ішіп-жеудің шегін білген дұрыс. Тағамды да, сусынды да шамадан асырмай, мөлшермен ішіңіздер. Дүкеннен азық аларда сапасына қарап, сертификаты бар-жоғын тексеріп алған жөн. Қысқасы, бар нәрсенің берекесі — мөлшерінде, тепе-теңдікте”, — деді ол.

Министрлік өкілі осы қағидаларды ұстанса, адам өзін жақсы сезініп, мерекеден кейінгі жайсыздықтың алдын алуға болатынын атап өтті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget