Current Date: 01-05-2025

Рыбакина тағы да ұтылды

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында шымылдығы түрілген, жүлде қоры 9 693 540 долларды құрайтын аса ірі халықаралық турнирде өнер көрсеткен еліміздің төрт теннисшісінің үшеуі алғашқы айналымнан аса алмады.

Тұсаукесер кездесу­ле­рінде Александр Буб­лик (АТР№82) жа­по­ниялық Юсуке Ватунакиге (349), Александр Шевченко (98) аустралиялық Ринки Хид­жикатаға (83) есе жіберді. Қос қызымыз жарысты екінші ке­зеңнен бастады. Юлия Пу­тинцева (WTA №20) чехиялық Катерина Синяковаға (59) жарытып қарсылық көрсете алмады – 2:6, 2:6.

Елена Рыбакина (WTA №7) өз көрермендерін қуантып, ал­дымен франциялық Сюзан Лам­менске (WTA № 64) сан соқтырды – 6:3, 6:3. Одан кейін ұлыбританиялық Кэт Бул­термен (WTA №38) кездесті. Бұл бәсекеде де Рыбакина өз қарсыласынан басым түсті. 1 са­ғат 16 минутқа созылған сайыс 6:0, 7:5 есебімен аяқталды. 1/8 финалда ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен күш сынас­ты. Еліміздің ең үздік теннисшісі дәл осы ойыншымен осыдан үш апта бұрын Дубайдағы доданың жартылай финалында шеберлік байқасып, ол кездесуде Андрееваның асығы алшысынан түс­кен еді. Бұл жолы да Рыба­кинаның 17 жастағы қар­сы­ласына әлі жетпеді – 1:6, 2:6.

Индиан-Уэллстегі турнирдің алғашқы ­айналымдарында тосын нәтижелер де тіркелді. Ең басты сенсация – Сербияның даңқты теннисшісі Новак Джокович ойда-жоқта АТР тізімінде 85-орында тұрған Нидерландтың өкілі Ботик ван де Зандсхулптен 2:6, 6:3, 1:6 есебімен ұтылды. Сондай-ақ 2021 жылғы US Open додасының жеңімпазы, ұлыбританиялық Эмма Раду­кану жапониялық Моюка Учи­жимадан жеңілді – 3:6, 2:6. Әлемнің екінші ракеткасы, гер­маниялық Александр Зверев Қызғалдақтар елінің тағы бір ойын­шысы Тал­лон Грикспурге жол берді – 6:4, ­ 6:7, 6:7.