Current Date: 14-03-2025

ШҚО-да жарылыс арқылы 47 мың текше метр қар түсірілді

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Ал Шығыстағы таулы аймақтарда қар көшкіні қауіп төндіріп тұр. Сондықтан соңғы бір айда жарылыс арқылы қар көшкінін үздіксіз түсіріп жатыр.

Негізінен Алтай, Самар және Қатонқарағай және Өскемен-Таулы Үлбі бағытындағы автокөлік жолдарының бойы өте қауіпті саналады. Сондықтан тек осы қыста 55 рет жарылыс жасалып 47 мың текше метр қар түсірілді. Тек соңғы бір аптада«Алтай-Өскемен» тасжолының бойында жарылыс арқылы үш рет қар көшкіні болды. Мамандар биыл таулы аудандардағы қардың қалыңдығы 4-5 метрге жетіп қалғанын айтады. Ал өңірде қар көшкіні түсетін аумақтарда 100-ден аса елдімекен қоныстанған.

Өзендерде мұз жарып жатыр

Су тасу қауіпі бар 8 өңірдің бірі Қарағанды облысында тасқынға қарсы шаралар күшейтілді. Жылда өзен арналары мұзға толып, ағысы бәсендеп, іргеде жатқан елдімекендер зардап шегетін. Биыл құтқарушылар мұз жаруға ертерек кірісті. Алдымен Бұқар жырау ауданындағы Өткелсіз өзенінің 1800 шаршы метр аумағында мұз жарылды. Енді ең ұзын әрі 200-ге жуық саласы бар Нұра өзенінде жұмыс жалғасады.

Олжас Керейхан

Жандос Бақытұлы