Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында танымал спортшы Назым Қызайбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
48 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы қызымыз Солтүстік Кореяның спортшысы Хонг Кионг Рионгпен кездесті. Жерлесіміз жекпе-жекті өте сауатты өткізе білді. Соққы алмасу, қорғаныс пен шабуыл жасау барысында да нәтижелі қимылдап, төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен басым түсті.
Назым Қызайбайдың ақтық сындағы қарсыласы — ресейлік Юлия Чумгалакова.
Айта кетсек, бұған дейін отандасымыз 2014 және 2016 жылдары да әлем чемпионаттарында финалға шығып, чемпион атанған еді.