Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент елімізде Ядролық энергетика агенттігі құрылатынын жариялады. Атом индустриясын дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров Қазақстанға оның не үшін қажет екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның пікірінше, бұл шешім әлдеқашан пісіп-жетілген әрі Қазақстан алдында үш атом электр станциясын салудан бастап ядролық кластерді толыққанды қалыптастыруға дейінгі жаңа перспективаларды ашады.
"Үлкен істер өршіл шешімдерден басталады, менің ойымша, мұндай агенттікті құру атом энергетикасын тиімді және қауіпсіз дамытудың жалғыз сенімді жолы болып табылады. Мұндай құрылымдар басқа елдерде бұрыннан бар және өз міндеттерін сәтті орындап келеді. Қазақстан — орасан зор уран әлеуетіне ие ел әрі ол атом энергетикасындағы біздің позициямызды нығайтуға бағытталуы тиіс еді", деп жазды Тоқтаров Facebook-тегі парақшасында.
Ол Ядролық энергетика агенттігін құру ядролық саланы толыққанды дамыту үшін мүмкіндіктер ашатынын нақтылайды.
Сарапшы технологиялық артықшылық — бұл кездейсоқтыққа жатпайтын біздің таңдауымыз, оған қол жеткізу үшін біз Қазақстанның нақты әлеуеті бар салаларға баса назар аударуы керектігін айтады.
Сарапшының пікірінше, бұл бағыттағы жетістікке жету үшін агенттік мынандай кешенді міндеттерді қамтуы керек:
- Бірыңғай мемлекеттік саясатты құру және салаға қатысушыларды үйлестіру. Бізге біртұтас көзқарас пен стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ететін орган қажет. Қазір ядролық энергетиканың әртүрлі мәселелерін әртүрлі ведомстволар айналысады: Қазатомөнеркәсіп, Ядролық физика институты, ҚР ҰЯО. Міне, солардың барлығын біріктіріп, толыққанды әлеуеттерін игеру — агенттіктің бірінші міндеті.
- Ядролық қауіпсіздік және бақылау. Атом энергетикасын дамыту, атом электр станцияларының беріктігіне кепілдік беру және тәуекелдерді азайту үшін заманауи реттеу жүйесіне сүйенусіз қол жеткізу мүмкін емес. Бұл жұмыс бір құзыретті орталықтан үйлестірілуі керек.
- Инфрақұрылым мен ғылымды дамыту. Егер біз АЭС құрып қана қоймай, озық технологияларды дамытқымыз келсе, Қазақстанға ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары және мамандар даярлау қажет болады. Агенттік осы процестерді үйлестіруді өз мойнына алуы керек.
- Халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан қазірдің өзінде АҚХА (МАГАТЭ) мүшесі болып табылады, бірақ біз үшін жетекші ядролық елдермен тікелей жұмыс істеу және осы салада өз даму жолымызды құрғанымыз маңызды. Агенттік технологиялық серіктестермен байланыс орнатуға және салаға инвестиция тартуға көмектеседі. Мықтылармен ынтымақтастық бізді де мықты ете түседі.
- Өңірлік ынтымақтастық – бағдар алған тағы бір бағыт. Қазірдің өзінде Өзбекстан атом энергетикасын дамытуда, Қырғызстан уран өндірісіне мықтап кіріскен, осы тұтса бір-бірімізді толықтыру отыруға болады.
"Әрине, агенттік құру — тек формальдылық емес, маңызды құрылымдық реформа. Біздің алдымызда бірнеше басты міндеттер тұр", — дейді маман.
Атап айтқанда:
- Сараптамалық құрамды қалыптастыру. Кез-келген жобада оның сәтті жүзеге асуы сауатты командаға байланысты болып келеді. Бізге тек шенеуніктер ғана емес, сонымен қатар сала мамандары – ғалымдар, инженерлер, экономистер, қаржыгерлер, маркетинг бойынша сарапшылар қажет. Ең бастысы, осы мәселенің қыр-сырын терең меңгерген және ұлттық мүдделерді сауатты қорғай отырып, келіссөз жүргізетін адамдар керек. Команда -бұл жай ғана адамдар тобы емес, жобаны алға жылжытатын және тарихты өзгертуге қабілетті синергия.
- Жобаларды қаржыландыру. Жеткілікті қаржыландырусыз атом саласы дами алмайды. Осы салаға жеке инвестицияларды тарту және ірі қаржы институттарын қолдауды қамтамасыз ету қажет.
- Қоғамдық пікірмен жұмыс. Осы уақытқа дейін атом энергетикасы туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Агенттік тек реттеуші орган ғана емес, сонымен қатар қоғамға, аралас-құралас мемлекеттік органдар мен компаниялардың өкілдеріне де пікір жеткізуші құзыретті алаң болуға тиіс.
"Ядролық энергетика агенттігі — саланы дамытуда көшбасшылық рөл атқаратын орган екеніне сенімдімін. Егер біз Францияның, Ресейдің, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның немесе Канаданың озық тәжірибесін пайдалансақ және олардың қателіктерінен сабақ алсақ, Қазақстанды әлемдік ядролық нарықтағы негізгі ойыншылардың біріне айналдыра аламыз", — дейді Тоқатров.
Маманның пікірінше, ол үшін қысқа мерзімді міндеттерді ғана емес, ұзақмерзімді стратегияны да құра білуіміз қажет: ядролық технологияларды дамыту, медицинада, өнеркәсіпте, экологияда жаңа шешімдерді енгізу.
"Агенттік осы миссияны орындаған кезде Қазақстан өзін таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдегі ядролық инновациялардың орталығына айнала алады". Атом индустриясын дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров
Айта кетсек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин IV Ұлттық құрылтайдың басты ерекшеліктерін атаған болатын.