Current Date: 16-03-2025

Шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске бір қадам жетпей қалды

Бейжің қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық қыздар 3 мың метрлік эстафетада А финалында Канада, Польша, Нидерланды құрамаларымен сынға түсті. Мұнда канадалықтар жеңімпаз атанса, Польша екінші, Нидерланд үшінші орынға ие болды.

Қазақстан әйелдер құрамасының финалға шығып, үздік төрттіктің қатарына ілігуін жақсы нәтиже деуге болады. Ел намысын Яна Хан, Ольга Тихонова, Мәлика Ермек және Алина Әжіғалиева қорғады.

Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада финалға шыға алмады. Жартылай финалда қазақстандықтар Канада, АҚШ және Түркия командаларына жол берді.