Current Date: 14-03-2025

Шымкентте 51 азамат тұрғын үй сертификатын алды

2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары табысталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі.

Тегін тұрғын үй сертификаттарының иелерінің қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, толық емес отбасылар, жетім балалар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.

Тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары:

  • I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10;
  • Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 9;
  • Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 5;
  • Көпбалалы отбасылар – 16;
  • Толық емес отбасылар – 8;
  • Бюджеттік мекеме қызметкерлері – 3

Сонымен қатар биыл 500,0 миллион теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған. Жыл басынан бері 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілген.